Сұрақ-жауап дәстүрі — 3

1610885_751163301657276_8493398381331201255_n

Сұрақ-жауаптың мына бір нұсқасы қытайда тұратын қазақтар арасында кең таралған. Жазушы Жанат Ахмади деген кісіден жазып алдық. Баланың рухани ұстыны мен дәстүрлі дүниетанымын қалыптастыру үшін таптырмас оқу құралы. Сұрақ-жауаптың соңғы шумақтары осының алдында жариялаған Маңғыстау өңірінде кездесетін сұрақ-жауап үлгілеріне ұқсайды.
«Жаратушың кім?» – десе,
«Жоқтан барға келтірген,
Рәббім Алла», – дегейсің.
«Дінің сенің кім?» – десе,
«Пәни мен бақи танытқан,
Ісләм діні», – дегейсің.
«Кітабың сенің не?» – десе,
«Алла сөзін дарытқан,
Құран Кәрім», – дегейсің.
«Мұсылмансың ба, сен?» – десе,
«Әлхамділда!» – дегейсің.
«Құзырлысың ба, сен?» – десе,
«Іншә-Алла!» – дегейсің.
«Қауметі кімнің, сен?» – десе,
«Дін-мұсылман», – дегейсің.
«Әулеті кімнің, сен?» – десе,
«Әз Әруақтың», – дегейсің.
«Сарбазы кімнің, сен?» – десе,
«Сақылардың», – дегейсің.
«Сардары кімнің, сен?» – десе,
«Сопылардың», – дегейсің.
«Жұраты кімнің, сен?» – десе,
«Жомарттардың», – дегейсің.
«Сәруары кімнің, сен?» – десе,
«Сахабалардың», – дегейсің.
«Қашаннан мүмін, сен?» – десе,
«Әлімсақтан», – дегейсің.
«Тегің сенің кім?» – десе,
«Адам ата, пайғамбар,
Сопы Алла», – дегейсің.
«Қалдырған сені кім?» – десе,
«Әзіреті Нұх пайғамбар,
Нәби Алла», – дегейсің.
«Зүриятынан кімнің, сен?» – десе,
«Әзіреті Ысмағұл,
«Құрбан Алла», – дегейсің.
«Міллатынан кімнің сен?» – десе,
«Ыбырайым пайғамбар,
Халил Алла», – дегейсің.
«Үмбеті кімнің, сен?» – десе,
«Мұхамбет расул пайғамбар,
Сали Алла», – дегейсің.
«Кімнің досы, сен?» – десе,
«Төрт шадияр», – дегейсің.
«Баһадүрің кім?» – десе,
«Әзіреті Әли Арыстан,
Кәрім Алла», – дегейсің.
«Аузыңда не бар?» – десе,
«Кәлиматүн, тайбатүн, –
Шаһадат бар», – дегейсің.
«Мұрныңда не бар?» – десе,
«Суменен пәк болатын,
Пәлекет бар», – дегейсің.
«Көзіңде не бар?» – десе,
«Нұр Мұхамбет», – дегейсің.
«Басыңда не бар?» – десе,
«Тәж-дәулет бар», – дегейсің.
«Құлағыңда не бар?» – десе,
«Азан-қаумет», – дегейсің.
«Иығыңда не бар?» – десе,
«Кәрабан-Кәтибан», – дегейсің.
«Қолыңда не бар?» – десе,
«Қайыр-сақуат», – дегейсің.
«Беліңде не бар?» – десе,
«Кәмару-Мұхамбет», – дегейсің.
«Тізеңде не бар?» – десе,
«Ізет-құрмет», – дегейсің.
«Аяғыңда не бар?» – десе,
«Дәретті кебіс», – дегейсің .

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню