Сұрақ-жауап дәстүрі — 1

11022635_748837295223210_3610375193398552160_n

М.Әбдуовтың «Қазақтың діни эпосы» деген диссертациялық еңбегінде сұрақ-жауап дәстүрі туралы мынадай қызықты пайым жасалған.
Ғалымның пікірінше, бұрынғы қазақ қоғамында жас баланың ең алғаш діни сауатын ашқанда дүниетанымдық жағын бірінші орынға қойған. Ол «сұрақ-жауап» деген әдемі әдіспен жүзеге асқан. Бұл баланың болашақта әлемдік өркениет кеңістігінде өзінің мәдени танымын адаспай дәл табуы үшін көмектесетін маңызды құрал. Сондықтан, балаңыз жат мәдениеттің жетегінде кетпесін десеңіз дәстүрлі сұрақ-жауап үлгілерін үйрете отырыңыздар.

Кімнен не қалған?

– Сабырлық кімнен қалған?
– Аюп пайғамбардан.
– Шүкірлік кімнен қалған?
– Дәуіт пайғамбардан.
– Даналық кімнен қалған?
– Ұлықпан хәкімнен.
– Ғалымдық кімнен қалған?
– Қызыр пайғамбардан.
– Сопылық кімнен қалған?
– Ыдырыс пайғамбардан.
– Шәкірттік кімнен қалған?
– Мұса пайғамбардан.
– Кедейлік кімнен қалған?
– Жақия пайғамбардан.
– Кәсіп кімнен қалған?
– Адам атадан.
– Ұсталық кімнен қалған?
– Дәуіт пайғамбардан.
– Шипагерлік кімнен қалған?
– Ұлықпан хәкімнен.
– Аспаздық кімнен қалған?
– Адам атадан.
– Жомарттық кімнен қалған?
– Атымтайдан
– Амандық кімнен қалған?
– Ғайып ерен қырық шілтеннен.
– Батырлық кімнен қалған?
– Әзіреті Әлиден.
– Әділдік кімнен қалған?
– Мұхамбет пайғамбардан.
– Жауыздық кімнен қалған?
– Перғауыннан.
– Сараңдық кімнен қалған?
– Қарынбайдан.
– Патшалық кімнен қалған?
– Сүлейменнен.
– Түс жору кімнен қалған?
– Жүсіп пайғамбардан.
– Тәубешілдік кімнен қалған?
– Жүніс пайғамбардан.
– Батагөйлік кімнен қалған?
– Нұх пайғамбардан.
– Тақуалық кімнен қалған?
– Мұхамбет пайғамбардан.
– Береке кімнен қалған?
– Ыбырайым пайғамбардан.
– Мереке кімнен қалған?
– Нұх пайғамбардан.
– Саятшылық кімнен қалған?
– Адам атадан.
– Тоқымашылық кімнен қалған?
– Шиш пайғамбардан.
– Сұлулық кімнен қалған?
– Жүсіп пайғамбардан.
– Разылық кімнен қалған?
– Смағұл пайғамбардан.
– Тәкаппарлық кімнен қалған?
– Ібілістен.
– Кісі өлтіру кімнен қалған?
– Қабылдан.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню