Есектің пайда болу қиссасы

osel1

Елбасы Н.Назарбаев «Бабалар сөзін» шығарар кезде: «Қазақтың рухани мәдениеті оның ырым-тыйымында, әдет-ғұрпында, өлең-жырында, күмбірлеген күйінде, қисса-дастанда, ертегі-аңызда. Бұл біздің ұлттың тарихы мен тағдырын айғақтайтын асыл мұрамыз. Оларды жинау, сақтау, насихаттау – тарих пен бабалар әруағының алдындағы парызымыз, — депті. Сол әруақ алдындағы борышты ұмытпай қиссамызды жалғастыра отырайық.
Есектің пайда болуына байланысты мынадай қызықты қисса бар. Ыдырыс пайғамбар ілім-білімге құмар болыпты. Ыдырыс деген аты да «дәріске құмар» дегенді білдіреді. Ілім іздеп, Ыдырыс жаяу ел кезеді екен. Бір күні екі аяғынан әл кетіп:
– Уа, Алла маған мінетін көлік бер. Көлігім кітап артқанда қиналмай көтеретін мықты болсын. Өзі тамақ талғамайтын қарапайым болсын, – депті. Ұлық Алла Ыдырысқа:
– Тасты таяғыңмен ұр, – дейді. Пайғамбар тасты ұрғанда одан екі құлағы қалқиған есек пайда болады. Ыдырыс есекке жүгін артып, сапарын жалғастыра береді. Есекті қанша ұрса да, денесіне таяқ батпайтыны тастан жаралғандығынан екен.
Ыдырыстың көлігін көрген Ібіліс:
– Уа, Алла, пайғамбарыңа көлік бердің. Мен де ілімге құмар болдым, талай құлшылық қылдым. Соның өтеуіне маған да есекті көлік ет, – дейді. Сонда Алла:
– Хақтан тайып, менімен қас болғандар сенің есегің болсын, – дейді. Содан бері ниеті бұзылған адамдарды Ібіліс көлік етіп мінетін болыпты.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню