Мешіннің пайда болуы | DEGDAR

Мешіннің пайда болуы

nyh_b

Мешіннің пайда болуына байланысты да ел арасында мынадай қисса бар екен. Десе де, қазақ сахарасында бұрын маймылдың өмір сүрмегені белгілі емес пе? Алтын Орда тұсында Бейбарыс сұлтан Берке ханға елшілік жібереді. Сол кезде арнайы сый-сияпаттардың арасында маймылды да қоса жіберген екен. Экзотикалық жануар сахара жұртын таң қалдырыпты. Көшпелі жұрттың әдеті емес пе, нені көрсе де жеті атасын қазбалап кететін. Маймылдың да жеті атасын түгендеген ғой. Сол кездері мына бір қисса айтылған екен деседі.
Нұх пайғамбар кеме жасап жатқанда, бір қылжақбас күнде оны мазақ етіпті. Оның құйтырқы сөздеріне Нұх шыдай алмай, кейде жылап жібереді екен. Ол:
– Мына жындының ісін қараңдар, су жоқ жерге кеме жасап жатыр. Кемеге барлық жануарды жинамақшы. Кемеде қасқыр мен қой, түлкі мен тауық қайтіп бірге тұрады? – деп әжуалайды екен.
Бір күні апат басталып, барлық жануар Алланың әмірімен кемеге мінеді. Кеменің есігі жабылар соңғы сәтте Жебірейіл періште бір мақұлықты сүйреп әкеліп:
– Әй, Нұх, мынау сені әжуалап, талай рет жылатқан қылжақбас. Момынды мазақтаған, Құдаймен ойнағанмен бірдей. Сені нала қылғаны үшін Алла оны маймылға айналдырды. Оны ала кет. Топан судан қалай аман қалатыныңа куәгер болсын, – дейді.
Қылжақбас адам маймылға айналып, хайуандардың қарасын көбейтеді. Содан бері өзі де елдің мазағына ұшырап келеді екен.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Меню Меню